18.07.2007, 17:09 2629

Кезектен тыс мәжіліс сайлауына тағы да 148 халықаралық байқаушы тіркелді

АСТАНА. 18 -шілде. Kazakhstan Today. Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанда өтетін кезектен тыс мәжіліс сайлауына халықаралық байқаушылық жасайтын тағы да 148 байқаушыны аккредитациялады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазақстан Республикасындағы кезектен тыс мәжіліс сайлауын бақылауға ТМД миссиясынан тағы да 116 байқаушыны және шетелдік бес мемлекеттен 32 байқаушыны тіркеуді ұсынуда",- деді ОСК отырысында бүгін комиссия мүшесі Татьяна Охлопкова.

Оның айтуынш, сайлауға байқаушылық жасауға Украина (13 адам), Чехия Республикасы (6 адам), Словакия Республикасы (4), Ұлыбритания, Үндістан, Изербайжан, Литва өкілдері ниет білдіріп отыр.

Бұл қаулыны ОСК мүшелері толық қолдады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Орталық сайлау комиссиясы бүгінге дейін ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының миссиясынан 57, ТМД миссиясынан 8 байқаушыны аккредитациялаған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны