05.01.2012, 15:46 4080

ҚХР төрағасының арнайы елшісі Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді

Бейсенбі күні ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаоның арнайы елшісі ретінде Халық өкілдері Бүкілқытайлық жиналысы Тұрақты Комитетінің төрағасы Чэнь Чжили Орта Азия мемлекеттеріне жұмыс сапарын жасайды.

Бейжің. 5-қаңтар. Kazakhstan Today - ҚХР төрағасының арнайы елшісі Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бейсенбі күні ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаоның арнайы елшісі ретінде Халық өкілдері Бүкілқытайлық жиналысы Тұрақты Комитетінің төрағасы Чэнь Чжили Орта Азия мемлекеттеріне жұмыс сапарын жасайды.

ҚХР СІМ-нің берген мәліметіне сәйкес, 5 Орта Азия мемлекеттерінің шақырулары бойынша ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаоның арнайы елшісі ретінде ХӨ БЖТК төрағасының орынбасары Чэнь Чжили 2012 жылы қаңтардың 5-і мен 14-і аралығында Өзбекстанға, Қазақстанға, Қырғызстанға, Тәжікстан мен Түркіменстанға жұмыс сапарымен келеді. Сонымен қатар ол Қытай және 5 Орта Азия мемлекеттері арасында орнатылған дипломатиялық қарым-қатынастарға 20 жыл толуына орай ұйымдастырылып отырған шараларға қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны