01.04.2013, 14:50 27904

Киевке Астана мен Алматыдан әуе көлігі қатынайды

BNews.kz ақпараттық агенттігінің "Эйр Астана" әуекомпаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, өзінің маршруттық желісін дамыта беріп, "Эйр Астана" әуекомпаниясы 2013 жылдың 31 наурызынан екі жаңа рейсті ашады. Дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері Embraer 190 әуелайнерімен Астана-Киев рейс орындалады, ұшу ұзақтығы 4 сағатты құрайды. Сейсенбі, жұма және жексенбі күндері Airbus A320 жайлы әуелайнері Алматы-Киев бағытында қатынайды, ұшу ұзақтығы 5 сағатты құрайды.

Астана. 1-сәуір. Kazakhstan Today - Астана мен Алматыдан Украина астанасы Киевке тікелей тұрақты рейстер ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің "Эйр Астана" әуекомпаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, өзінің маршруттық желісін дамыта беріп, "Эйр Астана" әуекомпаниясы 2013 жылдың 31 наурызынан екі жаңа рейсті ашады. Дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері Embraer 190 әуелайнерімен Астана-Киев рейс орындалады, ұшу ұзақтығы 4 сағатты құрайды. Сейсенбі, жұма және жексенбі күндері Airbus A320 жайлы әуелайнері Алматы-Киев бағытында қатынайды, ұшу ұзақтығы 5 сағатты құрайды.

Жаңа рейстерді ашуымен "Эйр Астана" әуекомпаниясының маршруттық желісі 40 рейске дейін көбейеді.

"Эйр Астана" әуекомпаниясы өзінің аймақтық маршруттық желісін Киевке Алматыдан және Астанадан 2013 жылдың 31 наурыздан және 1 сәуірден тиісінше ашуымен кеңейтеді. Шығыс Еуропада геосаяси тұрғыдан ұтымды жерде орналасқан Украинаға рейстерді ашуында әуекомпанияның дамуы үшін маңызды стратегиялық мәні бар, ең әуелі Батыс Еуропа мен Азия аймағы арасындағы транзиттік жолаушы әлеуетті жүзеге асыру тұрғыдан. Сондай-ақ Украина астанасы мен Қазақстанның ірі қалалары арасындағы әуебайланыс екі ел арасындағы екі жақты саяси және сауда-экономикалық қатынастың нығаюына септігін тигізеді. Қазақстандық саяхатшылар Киев арқылы Еуропаға ыңғайлы түйісу рейстердің мүмкіндіктерін пайдалана алады, ал украиналықтар Қазақстанның жас елордасы Астананы мен республиканың іскерлік және мәдени орталығы Алматыны тамашалай алады". - атап өтті "Эйр Астана" АҚ президенті Питер Фостер.

Nomad club жиі ұшатын жолаушыларды марапаттау бағдарламаның қатысушылары қосымша балдарды жинаю мүмкіндігін алады, ал күміс және алтын карточкалардың иегерлері Nomad клубының кең артықшылықтарын қолдана алады.

Астанадан Киевке эконом-кластағы барып-қайту билетінің құны, барлық алымдарды қосқанда, 47 717 теңгеден, ал бизнес-класта - 210 717 тенгеден басталады. Сондай-ақ, Алматы-Киев-Алматы бағыты бойынша эконом-кластағы сапар 49 356 теңге, бизнес-класта - 211 358 теңге тұрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны