03.05.2007, 10:17 2334

Қырғызстан Қазақстанмен арадағы бірқатар келісімдерді бекітті

БІШКЕК. 3-мамыр. Kazakhstan Today. Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев Қазақстан Республикасымен арадағы қарым-қатынастарды реттейтін бірқатар халықаралық келісімдерді бекіту туралы заңдарға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі осы ел президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қ.Бакиев "Қырғызстан Республикасының үкіметі мен Қазақстан Республикасының үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы 2006-жылдың 4-шілдесінде Астанада қол қойылған келісімді бекіту туралы" заңға қол қойды.

Сонымен бірге мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істеп жүрген Қырғызстанның еңбеккер-мигранттарының, Қырғызстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істеп жүрген Қазақстанның еңбеккер-мигранттарының еңбегі мен құқықтарын қорғау туралы Қырғызстан Республикасының үкіметі мен Қазақстан Республикасының үкіметі арасындағы 2006-жылдың 4-шілдесінде Астанада қол қойылған келісімді бекіту туралы" заңға қол қойды.

Сонымен бірге Қырғызстанда Қазақстанға қажетті құжаттарды бекіту мерзімі кешеуілдеп келеді. Жуырда Бішкекке жасаған ресми сапары барысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан парламентінің Ыстықкөлдің жағалауындағы 4 пансионатты Қазақстанның меншігіне беру туралы және республикалар арасындағы шекараны делимитациялау туралы келісімдерді бекітуге асықпай отырғанын атап көрсеткен.

"Біз Қазақстаннан Ыстықкөлге дейін қысқа жол салғымыз келеді. Бірақ біздің Ыстыкөлдегі меншігімізге қатысты мәселе күні бүгінге дейін шешілмей отыр. Парламент бүгінге дейін бұл келісімді бекіткен жоқ",- деді Н.Назарбаев қорытынды баспасөз мәслихатында. "Екі ел арасындағы шекара күні бүгінге дейін келісіммен бекітілген жоқ",- деді Қазақстан мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны