22.01.2008, 16:19 3165

Қырғызстан мемлекеттік табыстың 1 %-н мемлекеттік тілді қолдауға жұмсамақ

Қырғызстан мемлекеттік табыстың 1 %-н мемлекеттік тілді қолдауға жұмсамақ

Бішкек. 22-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан мемлекеттік табыстың 1 %-н мемлекетік тілді қолдауға жұмсамақ, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстанның Экономикалық даму және сауда министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"2008 жылға арналған үкіметтің іс-әрекеттерінің жоспарына осындай пункт енгізу бастамасын көтерген экономикалық даму және сауда министрі Ақылбек Жапаров", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

А. Жапаровтың пайымдауынша, мемлекет ресми тілді қолдаумен балалар мен көптеген жастар орыс тілін еш білмейтін аймақтарда айналысу қажет. Ал Бішкекте мемлекеттік тіл мәселесімен шындап айналысып, оған іс қағаздарын көшірген дұрыс.

"Біз қырғыз тілін қолдау туралы 15 жыл бойы айтып келе жатырмыз. Бірақ осы күнге дейін бұл бағытта еш нәрсе тындырмадық", - деп мәлімдеді А. Жапаров. Ол сондай-ақ, тағы бір пайызды Қырғызстанда басымдыққа ие сала ретінде жарияланған туризмді дамыту ісіне бөлуді ұсынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны