30.06.2006, 15:47 7107

Қырғызстан мен Қазақстан өзара қарым-қатынасты тереңдету туралы біріккен декларацияға қол қояды

БІШКЕК. 30-маусым. Kazakhstan Today. Қазақстанға ресми сапары барысында Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев пен Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты тереңдету туралы біріккен декларацияға қол қояды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Қырғызстан СІМ-нің ақпарат бөліміне сілтеме жасап.

Қ.Бакиев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен жеке және кеңейтілген өкілдер құрамымен кездесулер өткізеді. Тараптар бұл кездесулердің барысында екі мемлекет арасындағы әріптестікті одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылайды.
Қырғызстан президенті сонымен бірге үкімет басшысы Даниал Ахметовпен, мәжіліс төрағасымен және республиканың кәсіпкерлерімен жүздеседі.

Қ.Бакиев “Астана бас жоспары” КМК мен “Бәйтерек” кешенінде болып, Қазақстан Елордасының бас даму жоспарымен танысады.

Қырғызстан СІМ-нің мәліметіне сәйкес, Құрманбек Бакиев Қазақстанға 4-5-шілдеде алғаш рет ресми сапармен келмекші.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны