25.02.2010, 14:01 3420

Қырғызстан өзіне тиімді болған жағдайда ғана Қазақстан, Ресей мен Беларусь Республикаларының Кедендік одағына мүшелікке өтеді - қырғыз үкімет басшысы

Қырғызстан өзіне тиімді болған жағдайда ғана Қазақстан, Ресей мен Беларусь Республикаларының Кедендік одағына мүшелікке өтеді - қырғыз үкімет басшысы

Бішкек. 25 ақпан. Kazakhstan Today - Қырғызстан өзіне тиімді болған жағдайда ғана Қазақстан, Ресей мен Беларусь Республикаларының Кедендік одағына мүшелікке өтеді. Бұл туралы кеше Қырғызстан үкімет басшысы Данияр Үсенов баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Үкімет басшысының айтуынша, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше ел ретінде Қырғызстан қандайбір өңірлік бірлестікке қатысу құқығына ие. "Бүгінгі күні біздің кедендік тарифтеріміз одақ аясында белгіленген 12 мың позициядан 2,5 мыңы бойынша сәйкеседі. Ал қалғандары Кедендік одаққа қатысушы елдерде жоғары. Қырғыз мамандары одаққа мүшелікке өтудің қаншалықты тиімді екендігін есептеп көреді, егер бізге тиімді болып жатса, біз оған өтеміз, ал егер тиімсіз болса- онда өтпейміз", - деді ол.

Қырғызстан үкімет басшысы Кедендік одақ елдері Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту үшін үлкен жұмыс атқарығанын атап өтті, ал Қырғызстан бұл ұйымға мүше, деді ол.

"Біз сыртқы саудада көпвекторлы саясат ұстанамыз. Басты постулат - біз өз еліміздің ұлттық мүддесін ескеруге тиіспіз", - деді Д. Үсенов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны