30.03.2007, 16:23 3234

Қырғызстан парламенті үкімет басшысы лауазымына Атамбаевтың кандидатурасын бекітті

БІШКЕК. 30-наурыз. Kazakhstan Today. Қырғызстан парламенті - Жогорку кенеш үкімет басшысы лауазымына Алмазбек Атамбаевтың кандидатурасын бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

А.Атамбаев үшін 54 депутаттың 48-і дауыс берді. Үкімет басшысы лауазымына бекітілу үшін А.Атамбаевқа 38 депутаттың дауысын жинау қажет болатын. Үкімет басшысының кандидатурасын бекіту құпия дауыс беру арқылы жүргізілді.

Алмаз Атамбаев Қырғызстан Республикасының Чуй облысының Аламединский ауданының Арашан ауылында дүниеге келген. 1980 жылы Ресей басқару Академиясын бітірген. 2005 жылдың наурызындағы революцияға дейін "Форум" Өнеркәсіптік топтың директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған. Республикадағы биліктің ауысуынан кейін Қырғызстан Республикасының экономикалық даму, өнеркәсіп және сауда министрі болып тағайындалған, бірақ реформаның алға басуымен күресу үшін өз еркімен отставкаға кеткен.

Алмаз Атамбаев "Реформалар үшін" оппозициялық қозғалысы басшыларының бірі болған. Ол өткен аптада бірлестіктің тең төрағаларының құрамынан шықты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны