07.04.2008, 14:30 3250

Қырғызстан парламентінің салалық комитеті Ыстықкөл облысындағы Қазақстандық пансионаттар туралы заң жобасын мақұлдады

Қырғызстан парламентінің салалық комитеті Ыстықкөл облысындағы Қазақстандық пансионаттар туралы заң жобасын мақұлдады

Бішкек. 7 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан парламенті - Жогорку кенештің салалық комитеті Ыстықкөл облысындағы Қазақстандық пансионаттар туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстанның Мемлекеттік мүлік комитетіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының Ыстықкөл облысының аумағында орналасқан курорттық-рекреациялық шаруашылық нысандарына меншік құқығын реттеу жөніндегі заң жобасы Астанада 2006 жылдың шілде айында қол қойылған үкіметаралық келісімінің негізінде жасалып, оны Қырғызстан үкіметі 2007 жылдың қаңтар айында мақұлдады. Қазір осы заң жобасы Жогорку кенештің халықаралық істер және парламентаралық ынтымақтастық жөніндегі комитетінде мақұлданды, кешікпей ол Қырғызстан парламентінде қаралады", -деп хабарлайды Қырғызстанның Мемлекеттік мүлік комитеті.

Комитеттің хабарлауынша, заң жобасымен Қазақстанның жер учаскесінен өзге ғимараттар мен орынжайларды меншіктену құқығы мойындалады. Бұл ретте Қазақстан жағы мынадай міндеттемелер алды: аталған нысандардың жыл бойы жұмыс істеуін қамтамасыз ету, екі жылдың ішінде оларды үш және төрт жұлдызды қонақүйлердің деңгейіне жеткізу, пайдалану және құрылыс жұмыстары кезінде жергілікті жұмыс күшін тарту.

Пансионаттар орналасқан жерлерді Қазақстан жалға алады, өйткені, Қырғызстанның Жер кодексіне сәйкес, жер учаскелері шетелдіктердің меншігіне берілмейді. Бұл ретте сонау Кеңес Одағы кезінде салынған "Олимп" (бұрынғы "Автомобилист), "КазГУ" пансионаттары мен "Самал" және "Қазақстан" демалыс үйлері жайлы сөз болып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны