24.10.2007, 13:50 1482

Қырғызстан президенті үкіметті отставкаға жіберді

Қырғызстан президенті үкіметті отставкаға жіберді.

Бішкек. 24 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев бүгін үкіметті отставкаға жіберді. Бұл туралы мемлекет басшысы бүгін өткен үкіметтің отырысында хабарлады.

"Қырғызстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясы туралы" заң күшіне енген күннен бастап үкімет отставкаға кетуге тиіс екені өздеріңізге белгілі. Осы нормаға сәйкес, мен бүгін үкіметті отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойдым", - деп мәлімдеді Қ. Бакиев.

Президенттің айтуынша, бұл отставка үкімет кабинетінің жұмыс нәтижесін бағалауға әсте байланысты емес. Президенттің атап көрсетуінше, премьер-министрдің басқаруындағы үкімет "өзіне жүктелген міндеттердің басым бөлігін табысты атқара алды". Осыған байланысты Қ. Бакиев барлық үкімет мүшелерінен жаңа министрлер кабинеті қалыптасқанға дейін өз міндеттерін атқара беруді сұрады.

Президенттің айтуынша, қазіргі Конституцияға сәйкес, үкімет басшысының кандидатурасын парламент сайлауында басым дауыс жинаған партия ұсынады.

Қ. Бакиев бұған қоса Қырғызстан үкіметінің жаңа құрамы ағымдағы жылдың аяғына дейін жасақталады дегенге сенім білдірді.

Осы орайда еске сала кетсек, Алмазбек Атамбаев республика үкіметін үстіміздегі жылдың наурыз айынан бері басқарды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны