20.02.2007, 16:29 2816

Қырғызстан президентінің әкімшілігі оппозицияны деректерді қасақана бұрмалады деп айыптауда

БІШКЕК. 20-ақпан. Kazakhstan Today. Қырғызстан президентінің әкімшілігі оппозицияны деректерді қасақана бұрмалады деп айыптауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бүгінгі нақты ахуал мен мен деректерді қасақана бұрмалау, оңды өзгерістерді қасақана бүгіп қалу мен әдейі жасыру ... бұның бәрі жаңа құрылған саяси қозғалыстың өз үндеулерінде айтылғандағыдан мүлдем басқаша мақсаттарды көздейтіндіктерінің куәсі болып отыр",- деп айтылған "Қырғызстанның лайықты келешегі үшін" бірлескен майданының кешегі мәлімдемесіне жауап ретінде Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі таратқан баспасөз баянында.

"Саясатакерлер осы тектес шындыққа жанаспайтын мәлімдемелер жасай отырып, тек өздерінің беделдері мен саяси келешегіне ғана емес, өз мемлекетіміздің саяси келешегіне балта шапқалы отырғандықтарын ойламайды",- деп көрсетілген баспасөз қызметінің құжатында.

"Қазір саяси қарсылық көрсететін уақыт емес",- делінген баспасөз баянында. "Кез-келген радикализмнің бой көтеруіне жол берілмейді және Қырғызстанның халқы мен саналы күштері тарапынан қолдау таппайды",- деп жазады баспасөз қызметі.

"Қырғызстан Республикасының Конституциясы аясында елімізде бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз ету функциясын атқаратын билік мемлекетте тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтай отырып, осы функцияларды орындауға міндетті және орындайды",- делінген құжатта.

Бұрын хабарлағанымыздай, 19-ақпанда құрамына бұрынғы үкімет басшысы Феликс Куловты қосып алған "Қырғызстанның лайықты болашағы үшін" атты жаңа бірлестік Қырғызстан оппозициясы атынан республика азаматтарын президенттік сайлау мен кезекті конститциялық реформаны мерізімінен бұрын өткізуге шақырған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны