11.01.2008, 15:59 3711

Қырғызстан Республикасы ТМД мен ЕурАзЭҚ саммиттерін өткізу жұмыстарына дайындалуда

Қырғызстан Республикасы ТМД мен ЕурАзЭҚ саммиттерін өткізу жұмыстарына дайындалуда

Бішкек. 11 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан Республикасы биылғы жылы Бішкекте өтетін ТМД мен ЕурАзЭҚ саммиттерін өткізу жұмыстарына дайындалуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасай отырып.

"Осы мәселеге орай Қырғыз елінің сыртқы істер министерлігінде өткен ведомствоаралық жиын өткізіліп, Қырғызстан Республикасының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында төрағалық ету мәселесі талқыланды ", - деп хабарлады бүгін сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшыларының соңғы кездесуінде айқындалғанындай, 2008 жылы ТМД елдері арасындағы көлік-коммуникация саласын тұжырымдық дамыту жолдарын қарастыру керек. Осыған байланысты Қырғыстан Республикасы президентінің берген тапсырмасын орындау мақсатында, бірқатар кешенді шаралар да талқыланды. Сондай-ақ, Бішкекте ЕурАзЭҚ және ТМД мемлекеттерінің қатысушыларына арналған аттас конференциясының дайындық жұмыстары қарастырылды", - деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны