24.09.2007, 18:00 2816

Қырғызстанда Конституциялық соттың судьялары парламент депутаттарының үстінен шағымданды

Қырғызстанда Конституциялық соттың судьялары парламент депутаттарының үстінен шағымданды.

Бішкек. 24 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда Конституциялық соттың үш судьясы республика парламенті- Жогорку кенештің депутаттарының үстінен шағымданды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Судьялар Жогорку кенештің 2007 жылғы 18 қыркүйектегі қаулысын заңсыз деп тану жөнінде шағым түсірді", - деп хабарлайды агенттік тілшісіне Бішкектің ауданаралық сотынан.

Сот канцеляриясының түсініктемесіне сәйкес, парламентшілердің бұл қаулысы Конституциялық соттың кейбір судьяларын сайлау туралы шешімді күшін жойған деп таниды. Қырғызстан заңнамасына сәйкес, Конституциялық соттың судьяларының кандидатуралары ел парламентінде бекітілуге тиіс. Шағым бастамашыларының пікірінше, парламентшілердің мұндай қудалаушылығының басты себебі, Конституциялық соттың Қырғызстанның Негізгі заңының соңғы екі редакциясын заңсыз деп тану туралы жуырдағы шешіміне жауап болмақ.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстанның Конституциялық сотының 14 қыркүйектегі шешімі бұл республиканы 2003-жылғы Ата заңның аясына қайта алып келген. Бұл шешім парламент сайлауын мерзімінен бұрын жариялауға негіз болу ықтималдығы жоққа шығарылмайды.

Атап айтсақ, депутат Изімбек Бекназаров парламенттің бүгінгі отырысында сайлау мерзімі айқындалып қойған деп мәлімдеді. Оның айтуынша, сайлау 2007 жылдың 9 желтоқсанына белгіленген. Парламентші мұндай ақпаратты мемлекеттік хатшы Адахан Мадумаровпен жеке сұхбат барысында естіп білгенін жеткізді.

"Адахан Мадумаров бұл туралы тұспалдай айтты, осы туралы естіген депутаттардың алдағы сайлауға дайындала бастауы үшін айтқаны шығар", - деп мәлімдеді А. Бекназаров.

Қырғызстандағы соңғы парламент сайлауы 2005 жылдың ақпан-наурыз айдарында өткен. Сайлау нәтижесі жаппай наразылық шараларына, наурыз төңкерісіне және елде биліктің ауысуына алып келді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны