25.06.2007, 16:08 2744

Қырғызстанда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының әскери-спорттық ұйымдарының жиыны өтеді

БІШКЕК. 25-маусым. Kazakhstan Today. 26-маусымда Ыстықкөлде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының әскери-спорттық ұйымдарының "Одақ 2007" атты халықаралық жиыны басталады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжа мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Н. Бордюжаның айтуынша, жиынға Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше 6 елдің 9 құрамасы қатысады. Жиынға қатысудан Өзбекстан соңғы сәтте бас тартса, Ресей мен Қырғызстан екі құрамадан жолдамақшы.

"Егемендік бір жағынан мемлекетке дербестік әкелсе, екінші жағынан жастарды өзара жырақтатып жібереді",- деді ұйымның бас хатшысы.

Николай Бордюжа бұл жиынның бір кезде танымал болған "Зарницаның" баламасына айналады дегенге сенім білдірді. Оның пікірінше, шара өскелең ұрпақты әскери-отаншылдық рухта тәрбиелеуге септігін тигізбек.

Журналистер сауалына жауап берген бас хатшы ұйымның аясын кеңейту қарастырылмағанын, оған ешбір елдің өтініш білдірмегенін жеткізді.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Ыстықкөлде бүкілодақтық "Артек" лагерінің баламасын ашу мүмкіндігі бар екенін атап өтті. "Қырғызстандағы лагерь жастардың өзара интеграциялануының нышанына айналар еді",- деді Н.Бордюжа.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан мен Тәжікстан мүше.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны