12.07.2010, 14:38 3819

Қырғызстанды экономикалық сауықтыру бағдарламасы аясында Шүкеев бастаған жұмыс тобы құрылды - СІМ

"Тараптар ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Р. Отунбаеваның Ақордадағы кездесуі барысында қол жеткізілген Қырғызстанды экономикалық сауықтыру бағдарламасының жүзеге асырылуына қатысты іс-шараларды талқылады",- деп айтылған ҚР СІМ баспасөз қызметінің баспасөз баянында.

Астана. 12-шілде. Kazakhstan Today Қазақстанда Қырғызстанды экономикалық сауықтыру бағдарламасы аясында ҚР премьер-министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шүкеевтің басшылығымен жұмыс тобы құрылды. Бұл туралы Қырғызстан Республикасының президенті Роза Отунбаевамен телефон арқылы сөйлесу барысында ЕҚжЫҰ қазіргі төрағасы, мемлекеттік хатшы ҚР сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Тараптар ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Р. Отунбаеваның Ақордадағы кездесуі барысында қол жеткізілген Қырғызстанды экономикалық сауықтыру бағдарламасының жүзеге асырылуына қатысты іс-шараларды талқылады",- деп айтылған ҚР СІМ баспасөз қызметінің баспасөз баянында.

Министрліктің мәліметтеріне сүйенсек, "Р.Отунбаева Н. Назарбаевтің өкімімен ҚР премьер-министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шүкеевтің басшылығымен жұмыс тобының құрылуы туралы ақпаратты ризашылықпен қабылдаған".

"Осы тектес жұмыс тобы қырғыз тарапынан да құрылуда. Тараптар осы аталған топтардың Қырғызстанды экономикалық сауықтыру, Ош және Жалал- Абад қалаларын қалпына келтіруге қатысты нақты шараларды анықтау үшін жуық арада отырыс өткізу қажеттігі туралы келісті",- деп қайталап хабарлайды ҚР СІМ Роза Отунбаеваның айтқанын.

Сонымен қатар, министрліктің баспасөз қызметі "ЕҚжЫҰ басқарып отырған Қазақстан осы елдің инвестициялық портфелін құру үшін және көмек қолын тарту үшін Халықаралық донорлық конференция ұйымдастырмақ" екендігін хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны