15.06.2010, 12:34 2909

Қырғызстанға өз азаматтарын қауіпсіз жерге көшіру үшін Түркияның екі ұшағы аттандырылды

Бұл шешім Қырғызстанның оңтүстігіндегі ахуалдың ушығып бара жатқандығына байланысты қабылданған. Зардап шеккендердің арасында Түркия азаматы да бар екендігі белгілі.

Алматы. 15-маусым. Kazakhstan Today - Кеше Қырғызстанға өз азаматтарын қауіпсіз жерге көшіру үшін Түркияның екі ұшағы жіберілді. Бұл туралы кеше Түркияның СІМ басшысы Ахмет Давутоглу мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі "Вести.Ru" сілтеме жасай отырып.

"Вести.Ru" мәліметтеріне сүйенсек, Түркияның сыртқы істер министрінің хабарлауынша, ұшақтар Ош және Жалал-Абад қалаларына барады.

Бұл шешім Қырғызстанның оңтүстігіндегі ахуалдың ушығып бара жатқандығына байланысты қабылданған. Зардап шеккендердің арасында Түркия азаматы да бар екендігі белгілі.

Тәртіпсіздік кезінде Түркияның TRT Угур Озен мемлекеттік телерадиокомпаниясының жергілікті тілшісі зардап шеккен болатын. ИТАР-ТАСС хабарлауынша, ол көтеріліске шығушыларды түсірмек болған кезде олар шетелдік журналисті соққыға жыққан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны