15.06.2010, 12:32 2812

Қырғызстанның оңтүстігіндегі жаппай тәртіпсіздік кезінде мерт болғандар саны 170 жетті

Естеріңізге сала кетсек, Қырғызстанда маусымның 10-нан 11-не қараған түні қырғыздар мен өзбектер арасында ұлтаралық қақтығыстар туындаған болатын. Осыған байланысты Ош және Жалал-Абад облыстарында төтенше жағдай енгізілген болатын.

Бішкек. 15-маусым. Kazakhstan Today - Қырғызстанның оңтүстігіндегі жаппай тәртіпсіздік кезінде мерт болғандар саны 170 жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, 170 адамның 94 Ош облысында мерт болса, 43 Жалал-Абадта көз жұмған. "Олардың барлығы медициналық мекемеде тіркелгендер",- деп атап өтті министрліктегілер. Медициналық көмекке жүгінгендер саны 1 мың 762 адам болса, оның 826 ауруханаға жатқызылып, 798 амбулаторлық көмек көрсетліген. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, дәрігерлер босқындарға да көмек көрсетіп бағуда.

Естеріңізге сала кетсек, Қырғызстанда маусымның 10-нан 11-не қараған түні қырғыздар мен өзбектер арасында ұлтаралық қақтығыстар туындаған болатын. Осыған байланысты Ош және Жалал-Абад облыстарында төтенше жағдай енгізілген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны