19.12.2007, 17:54 3668

Қырғызстанның парламентіне үш саяси партия өтеді

Қырғызстанның парламентіне үш саяси партия өтеді

Бішкек. 19-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның парламенті үш саяси партия өкілдерінен құралатын болады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі республиканың Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасай отырып. "Бюллетендердің 99,96 пайызын өңдегеннен кейін дауыс жинау көшбасшыларының тізімі келесідей: "Ақ жол" халық партиясы - жалпы дауыстың 46,9 пайызын, "Ата-Мекен" социалистік партиясы - 8,29 пайызын, Коммунистер партиясы - 5 пайызын, Қырғызстанның социал-демократиялық партиясы - 5,05 пайызын жинаған",- деп хабарлады Қырғызстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясындағылар.

Қырғыз заңына сәйкес, республика парламентіне сайлаушылардың жалпы дауысының кемінде 5 пайызын және электроттың аймақтық тізімінің 0,5 пайызын жинаған саяси партия ғана кіре алады.

Бұрын хабарлағанымыздай, сейсенбіде, 18-желтоқсанда, Қырғызстанның жоғарғы соты "Ақ жол" партиясының Қырғызстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 0,5 пайызды аймақтық квотаны қолдану жөніндегі түсініктеме туралы қаулының күшін жоюға қатысты шағымын қараған болатын. Нәтижесінде ол респубикадағы сайлаушылардың жалпы санының емес, әрбір нақты аймақтағы сайлаушылардың 0,5 пайызынан есептеленетіндігі туралы шешім қабылданған. Ескі нормаға сәйкес, әрбір аймақтағы партия 13 мыңнан астам дауыс жинауға тиіс болатын, бірақ Қырғызстанның тұрғындары аз бірқатар облыстары үшін бұл өте жоғары көрсеткіш.

Сондай-ақ, "Ата-Мекен" социалистік партиясы жарты пайыздық аймақтық барьерге қол жеткізе алмады. Яғни, парламентке президенттің "Ақ Жол" партиясы, коммунистер мен жетекшісі бұрынғы Алмазбек Атамбаев болып табылатын Қырғызстанның социал-демократиялық партиясы сияқты тек үш партияның ғана өтуге үміті бар. Бірақ мерзімінен бұрын өткізілген парламент сайлауының ресми қорытындысы әлі жарияланған жоқ, және де республикадағы саяси күштердің арасалмағы әлі де өзгеруі мүмкін екендігін жоққа шығармайды.

Себебі бүгін республикада Құрбан айт мерекесіне орай демалыс күні, Қырғызстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының қорытындысы ертең, 20-желтоқсанда белгілі болады деп күтілуде.

Қырғыздың сайлау құқығына сәйкес, парламент ең кемінде 23-желтоқсанда алғашқы отырысында жиналуға тиіс.

Естеріңізге сала кетсек, 16-желтоқсан, жексенбі күні Қырғызстанда парламент сайлауы алғаш рет партиялар тізімі бойынша өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны