12.07.2010, 14:31 4098

Қырымда бейресми кездесуге қатысқан ТМД мемлекеттерінің басшылары бірлескен мәлімдеме қабылдады

Кездесу қорытыдысы бойынша президенттер Еркін сауда аймағы туралы жаңа келісімге қатысты жұмысты жалғастыруға келісті. "Еркін сауда аймағы туралы жаңа келісімге қатысты белсенді жұмысты жалғастырып, ТМД мемлекеттерінің басшылары Кеңесінің кезекті отырысында қарастыру туралы келісімге қол жеткізілді",- деп айтылған Достастық елдерінің басшыларының бейресми кездесуіне қатысушылардың бірлескен мәлімдемесінде.

Алматы. 12-шілде. Kazakhstan Today Қырымда бейресми кездесуге қатысқан ТМД мемлекеттерінің басшылары бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі NEWSru ақпараттық порталына сілтеме жасай отырып.

Саммитке Изірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина мемлекеттерінің президенттері қатысуда.

Кездесу қорытыдысы бойынша президенттер Еркін сауда аймағы туралы жаңа келісімге қатысты жұмысты жалғастыруға келісті. "Еркін сауда аймағы туралы жаңа келісімге қатысты белсенді жұмысты жалғастырып, ТМД мемлекеттерінің басшылары Кеңесінің кезекті отырысында қарастыру туралы келісімге қол жеткізілді",- деп айтылған Достастық елдерінің басшыларының бейресми кездесуіне қатысушылардың бірлескен мәлімдемесінде.

Президенттер сондай-ақ халықаралық транспорттық дәліздерді дамытуға қатысты пікір алмасуды жалғастырмақ және де ТМД елдерінде жаңа курорттық денсаулық сақтау және емдеу нысандарын құруға бағытталған инвестициялық жобаларды бірлесе отырып жүзеге асыру жөн деп санайды, деп айтылған Достастық елдері басшыларының бейресми кездесуіне қатысушылардың біріккен мәлімдемесінде.

"Маңызды инфрақұрылымдық жобалады жүзеге асыруға белсенді түрде қатысуға ат салысуды растаймыз",- деп көрсетілген мәлімдемеде.

Естеріңізге сала кетсек, сенбі күні Ялта қаласындағы Ливадия сарайында ТМД мемлекеттерінің басшыларының бейресми саммиті ашылған болатын. Екі күндік кездесу жұма күні өзінің 60 жасын атап өткен Украина президенті Виктор Януковичтің бастамасымен өткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны