30.11.2012, 15:29 6374

Қытай Қазақстанға ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуде табыс тіледі

"Біз көршілес мемлекет - Қазақстаннның ЭКСПО-2017 көрмесін өткізетініне қуаныштымыз. Біз Қазақстан бұл шараны жоғары деңгейде өткізеді деген сенімдеміз. Бұл әлемге елдеріңізді танытудың оңтайлы тәсілі, онымен бірге мемлекеттеріңіздің басқа елдермен қарым-қатынас орнатуына ықпалын тигізеді", - деді қытайлық дипломат.

Пекин. 30-қараша. Kazakhstan Today - Қытай Қазақстанға ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуде табыс тіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінң хабарлауынша, бүгін ҚХР СІМ ресми өкілі Хун Лэй ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу бұл - Қазақстанды әлемге танытудың жақсы мүмкіндігі, деп мәлім етті.

"Біз көршілес мемлекет - Қазақстаннның ЭКСПО-2017 көрмесін өткізетініне қуаныштымыз. Біз Қазақстан бұл шараны жоғары деңгейде өткізеді деген сенімдеміз. Бұл әлемге елдеріңізді танытудың оңтайлы тәсілі, онымен бірге мемлекеттеріңіздің басқа елдермен қарым-қатынас орнатуына ықпалын тигізеді", - деді қытайлық дипломат.

ҚазАқпарат бұған дейін хабарлағандай, 22 қарашада Халықаралық көрмелер бюросының 161 мүше-мемлекеті өкілдерінің жасырын дауыс беруі нәтижесінде Астана ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу құқығына ие болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны