30.11.2012, 14:52 6619

Қытайдың вице-премьері Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді

Чэн Гопиннің хабарлауынша, ҚХР Мемлекеттік кеңесі вице-премьерінің ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі жоспарланған.

Пекин. 30-қараша. Kazakhstan Today - ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Ван Цишань ҚР вице-премьері Қайрат Келімбетовтің шақыруымен 7-8 желтоқсан күндері Қазақстанға сапар жасайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Қытай Сыртқы істер министрінің орынбасары Чэн Гопин Бейжіңде өткен баспасөз мәслихаты барысында мәлім етті.

Чэн Гопиннің хабарлауынша, ҚХР Мемлекеттік кеңесі вице-премьерінің ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі жоспарланған.

Сапар аясында Ван Цишань қазақстандық-қытайлық ынтымақтастық бойынша комиссияның 6-шы отырысына қатысып, Қ.Келімбетовпен кездесу өткізеді. Тараптар екіжақты ынтымақтастық бойынша пікір алмасады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны