18.03.2008, 12:38 2540

Көксарай контррегуляторын салу туралы шешім Орталық Азияда су-энергетикалық консорциум құру мәселесіне қайшы келмейді - Кәрім Мәсімов

Көксарай контррегуляторын салу туралы шешім Орталық Азияда су-энергетикалық консорциум құру мәселесіне қайшы келмейді - Кәрім Мәсімов

Астана. 18 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Көксарай контррегуляторын салу туралы шешім Орталық Азияда су-энергетикалық консорциум құру мәселесіне қайшы келмейді. Бұл туралы бүгін республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

"Мен көршілес елдердегі өз әріптестеріммен келіссөздер жүргізіп, Көксарай контррегуляторын салу туралы мәселе бойынша олардың көзқарасын талқыладым. Мен бұл мәселені біз Орталық Азияда су-энергетикалық консорциум құру мәселесіне ешқашан қарсы қоймаймыз деп ресми түрде мәлімдеймін", -деді Кәрім Мәсімов.

"Бүгін біз Көксарай контррегуляторын салу туралы мәселе бойынша қандай шешім қабылдасақ та, консорциум құру мәселемі оған мүлдем қатыссыз жүзеге асырыла береді, сол себепті біз барлық көрші елдермен достық байланысты нығайту үшін осы бағыттағы келіссөздерді жалғастыра беруіміз қажет", - деді ол.

"Бұл біздің мемлекет басшымыздың тапсырмасы, бұл - Орталық Азия республикаларның президенттері қабылдаған шешім", - деді премьер.

"Сол себепті біз бір шешімді екіншісіне қарсы қоймаймыз дегенді ресми мәлімдеме ретінде қарастыруды сұраймын. Ал консорциум құру мәселесін біз одан әрі жалғастырып, келіссөздерді мүдделер қайшылығы мен қиындықтарға қарамастан жалғастыра беруіміз керек", - деп қорытты Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны