28.01.2009, 17:50 2800

Константин Жигалов ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары, Еуропа Одағымен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші қызметіне тағайындалды

Константин Жигалов ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары, Еуропа Одағымен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші қызметіне тағайындалды

Астана. 28 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен Константин Васильевич Жигалов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, Еуропа Одағымен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мемлекет басшысының жарлығымен Константин Васильевич Жигалов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі төтенше және өкілетті елшісі міндетін, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлантикалық Альянс ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы өкілдігінің басшысы міндетін қоса атқарушы қызметінен босатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны