16.05.2007, 12:11 3407

Конституцияға енгізілетін түзетулерде үшінші шақырылған парламент мәжілісі депутаттарының өкілеттілігін мерзімінен бұрын аяқтауы қарастырылмаған - Конституциялық кеңес төрағасы

АСТАНА. 16-мамыр. Kazakhstan Today. Бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында мемлекет басшысы таныстырған Конституцияға енгізілетін түзетулерде үшінші шақырылған парламент мәжілісі депутаттарының өкілеттілігін мерзімінен бұрын аяқтауы қарастырылмаған. Бұл туралы Конституциялық кеңес төрағасы Игорь Рогов журналистерге берген сұхбатында мәлімдеі, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Мен заң жобасындағы нормадан сөздәйек келтірейін, президент бұл туралы айтпады. Мәселен, заң жобасының 2-бабы, 1-тармағында атап көрсетілгеніндей: "ҚР парламенті мен оның палаталары осы заңда олар үшін қарастырылған конституциялық өкілеттілікке үшінші шақырылған парламент мәжілісінің өкілеттілік мерзімі аяқталғаннан кейін ие болады. Басқаша айтқанда, осы шақырылымның өкілеттілік мерзімі аяқталғаннан кейін парламент аталған өкілеттілікке ие болады",- деді И.Рогов.

И.Роговтың айтуынша, "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу туралы" заңда мерзімінен бұрын парламент сайлауы өткізіледі деп көрсетілмеген. Заң жобасында бұл жайында мүлдем айтылмаған",- деді ол.

"Депутаттар жұмыс істей береді. Бұл заңның жобасында атап көрсетілгеніндей, өкілеттіліке ие болудың жаңа тәртіптері қарастырылған депутаттар да, басқа лауазым иелері де (үкімет) өздерінің өкілеттілік мерзімі аяқталғанға дейін, немесе, өкілеттілік мерзімі қарастырылмағандар өз өкілеттіліктерінен бас тартқанға дейін жұмыс істей береді",- деді Конституциялық кеңес төрағасы.

"Барлық мәселе мәжілістің өкілеттілігіне байланысты болғандықтан, мәжілістің қазіргі құрамы жұмыс істеп жатқан мерзімде барлық органдар бұрынғыдай жұмыс істей береді",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны