09.07.2012, 17:36 3173

ҚР Австриядағы Елшісі Штрия федералдық жері аймағына жұмыс сапарымен барып қайтты - баспасөз баяны

Сапар аясында Елші Штрия федералдық жері үкіметінің басшысы -губернатор Франц Вовеспен, Экономикалық палата басшыларымен, Өнеркәсіп одағы басшыларымен, Еуропа өңірінде аса қарқынды дамып келе жатқан австриялық провинцияның жетекші жоғарғы оқу орындарының және белгілі өнеркәсіп компанияларының басшыларымен келіссөздер жүргізді.

"Жақында Қазақстанның Австриядағы Елшісі Қайрат Ибдірахманов Штрия федералдық жері аймағына жұмыс сапарымен барып қайтты", деп хабарлайды ҚР СІМ б
аспасөз қызметінен.

Сапар аясында Елші Штрия федералдық жері үкіметінің басшысы -губернатор Франц Вовеспен, Экономикалық палата басшыларымен, Өнеркәсіп одағы басшыларымен, Еуропа өңірінде аса қарқынды дамып келе жатқан австриялық провинцияның жетекші жоғарғы оқу орындарының және белгілі өнеркәсіп компанияларының басшыларымен келіссөздер жүргізді. Штирия үкіметі басшысының ақпаратына сәйкес, федералдық жердің іскер топтары Қазақстанмен ынтымақтастыққа үлкен қызығушылық танытып, жоғары технология, телекоммуникация, жаңартылатын энергия көздері, тамақ өнеркәсібі, туризм мен спортты дамыту секілді бірқатар салаларда өздерінің бай тәжірибесімен бөлісуге әзірлігін аңғартқан. Өз кезегінде Қазақстан тарапы Австрияға энергоресурс тасымалы үшін, индустриялдық, инновациялық және туристік әлеуеттің өсіп отыруымен де қызығушылықты арттырып отыр (Қазақстаннан Австрияға жеткізілетін мұнай 35 пайызды құрайды). Сондықтан да, елші австриялық тарапты Қазақстанның шетелдік активтерді иеленгісі келетін ниеті туралы да хабардар етті.

Келіссөздер барысында көтерілген мәселелердің барлығы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-австрия үкіметаралық комиссияның кезекті отырысында талқылауға арқау болуы мүмкіндігіне де назар аударылды. Аталған комиссияның отырысы алдағы күзде Астанада өтетіні жоспарланған.

Сондай-ақ кездесу аясында Қазақстанның облыстары мен Австрия федералдық жер арасындағы инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық пен өзара әрекеттестікті даму мүмкіндіктері талқыланды. Тараптар мәдени ынтымақтастық жайында да әңгіме өрбітті. Тоқтала кететін жайт, өткен жылдар ішінде Австрияда Қазақстанның бірқатар музыкалық және шығармашылық ұжымдары өнер көрсеткен еді. Ондағы басты мақсат - екі ел аарсында мәдени-рухани көпір орнату. Осы тұрғыдан алғанда 2013 жлдың мамыр айында Қазақстанның Австриядағы күндерін өткізу де үлкен мәнге ие болмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны