10.10.2012, 13:06 2962

ҚР Қырғызстандағы елшісі Қырғызстанның премьер-министрімен қазақстандық инвесторлардың мүдделерін қорғау мәселесін талқылады

ҚазАқпарат агенттігінің ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Қырғызстанның Үкімет үйінде Қазақстанның Қырғызстандағы елішісі Бейбіт Исабаев Қырғызстанның Премьер-Министрі Жанторо Сатыбалдиевпен кездескен.

Бішкек. 10-қазан. Kazakhstan Today - ҚР Елшісі мен Қырғызстанның Премьер-Министрі Қырғыз Республикасында жұмыс істейтін қазақстандық инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Қырғызстанның Үкімет үйінде Қазақстанның Қырғызстандағы елішісі Бейбіт Исабаев Қырғызстанның Премьер-Министрі Жанторо Сатыбалдиевпен кездескен.

Қазақстан елшісі қырғыздың Үкімет басшысына көрсетілген қабылдау мен екіжақты қарым-қатынасты ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, Ж. Сатыбалдиевті Қырғызстанның Премьер-Министрі қызметіне тағайындалуымен құттықтап, жемісті жұмыс тіледі.

Кездесудің барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық, су-энергетикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру саласында өзекті мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, ҚР-да жұмыс істетейтін қазақстандық инвесторлардың заңды мүдделерін және құқығын қорғау және Қырғызстаннан Қазақстанға ет-сүт өнімдерін кіргізуге тыйым салу мәселелерін шешу және басқа да өзекті мәселелер талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны