14.12.2007, 17:42 2977

ҚР парламенті санатының спикері мен Түркия президенті парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады

ҚР парламенті санатының спикері мен Түркия президенті парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады

Астана. 14 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР парламенті санатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия президенті Абдулла Гүл парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Бұл туралы агенттікке сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар екі жақты ынтымақтастыққа қатысты кең көлемді мәселелер топтамасын талқылады. Қазақ-түрік қарым-қатынасының аясын кеңейту жөнінде сөз қозғаған Қ.Тоқаев Түркия Қазақстанның тұрақты саяси және экономикалық әріптесі екенін атап өтті.

"Стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілген екі мемлекет арасындағы ықпалдастықтың қарқынды дамуы біздің халықтарымыздың тарихи және мәдени тамырластығына байланысты. Екі жақты қарым-қатынасты мемлекетаралық қарым-қатынастардың барлық бағыттары бойынша тереңдетуде парламентаралық байланыстар деңгейінде де ықпалдастықты кеңейтудің маңызы зор", - деді Қ. Тоқаев.

Осыған байланыстты тараптар екі елдің парламенттерінде жұмыс істейтін депутаттық достық топтары екі жақты ынтымақтастықты одан әрі пәрмендендіре түсуді көздейді, деді. Түркия президенті А. Гүлдің хабарлауынша, 2008 жылы Тұркияның Ұлтты ұлттық жиналысының төрағасы Коксал Топтанның Қазақстанға сапары межеленген.

Түркия мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ына төраға болу мәселесінің шешілуімен және ұлттық мереке - Тәуелсіздік күнімен құттықтады. А. Гүл сонымен бірге өзінің Қазақстанға мемлекеттік сапарының қорытындысы Қазақстан -Түркия қарым-қатынасын одан әрі дамытуға қуатты серпін беретінін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны