25.10.2012, 20:25 3069

ҚР премьер-министрі ГФР жұмыс сапары барысында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді - баспасөз баяны

Атап айтқанда, Жалпыгермандық өнеркәсіптік бірлестік Президенті Ульрих Грилломен әңгіме барысында герман бизнесінің Қазақстан экономикасын әртараптандыруға қатысуы және ірі өтпелі жобаларды құру мәселелері талқыланды.

Германия Федеративтік Республикасына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

Бейсенбі, 25 қазан күні, Германия Федеративтік Республикасына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Атап айтқанда, Жалпыгермандық өнеркәсіптік бірлестік Президенті Ульрих Грилломен әңгіме барысында герман бизнесінің Қазақстан экономикасын әртараптандыруға қатысуы және ірі өтпелі жобаларды құру мәселелері талқыланды.

"Бүгінгі күні Германия мен Қазақстан арасында экономиканың әр саласы бойынша динамикалық серіктестік орнатылған", - деді әңгіме барысында ГФР-дің жоғары технологиялары мен инвестицияларының трансфертіне еліміздің қызығушылығын атап өткен С.Ахметов.

Өз кезегінде У.Грилло да Жалпыгермандық өнеркәсіптік бірлестіктің Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге қатысты ниетін растады.

ГФР-дің сыртқы саяси ведомствосының басшысы Гидо Вестервеллемен кездесуде С.Ахметов Қазақстан мен Германия арасындағы қарым-қатынас соңғы жылдары динамикалық түрде әрі жемісті дамып келе жатқанын атап өтті. Жоғары деңгейдегі саяси диалог жолға қойылды, екіжақты серіктестік нығаюда, қомақты келісімшарттық-құқықтық база құрылды, тауар айналымы ұлғаюда және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық кеңеюде.

"Аталған тенденцияға екі елдің басшылары Н.И.Назарбаев пен А.Меркель ықпалдастық етуде", - деп атап өтті С.Ахметов.

Үкімет басшысының пікірінше, өзара қарым-қатынасқа саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ҚР Президенті Н.И.Назарбаевтің ақпан айында Берлинге сапары барысында қол жеткізілген келісімдері жаңа серпін берді.

Шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы Серіктестік туралы келісімдерді жүзеге асыру жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Петер Тильспен кездесу барысында іскерлік байланыстарды дамытудың көкейкесті аспектілері қарастырылды.

Сондай-ақ, С.Ахметов Германияның бірқатар ірі компаниялары басшыларымен екіжақты кездесулер өткізіп, онда тиісті салалардағы ынтымақтастық пен өзара әрекеттестіктің перспективалары талқыланды. Атап айтқанда Қазақстан Үкіметінің басшысы "John Deere Deutschland" компаниясының басқарма мүшесі - аға вице-президент Крис Виггермен, "Wermuth Asset Management GmbH" компаниясының иесі Йохен Вермутпен, "Cassidian/EADS Deutschland" компаниясының аға вице-президенті Эльмар Компанспен кездесті.

Осы жылдың ақпан айында Мемлекет басшысы Н.И.Назарбаевтың ГФР-ға барған сапарында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылған болатын. Үкімет басшысының қазіргі сапары қол жеткізілген келісімдерді жандандыруға бағытталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны