04.04.2013, 15:14 13029

ҚР Премьер-Министрі С.Ахметов Украина Үкіметінің Басшысы Николай Азаровпен кездесу өткізді

Оңаша өткізген әңгіме барысында тараптар кең көлемді екіжақты және көпқырлы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылап, халықаралық күн тәртібі бойынша пікір алмасты.

Астана. 4-сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Украинаға жасаған ресми сапары аясында украиналық әріптесі Николай Азаровпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Оңаша өткізген әңгіме барысында тараптар кең көлемді екіжақты және көпқырлы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылап, халықаралық күн тәртібі бойынша пікір алмасты.

С.Ахметов қазақстандық делегацияның Киевке келуінің маңыздылығын атай отырып, "бұл сапардың екі елдің игілігі жолындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қосымша серпін беретініне" сенім білдірді.

Өз кезегінде, Н.Азаров екіжақты іс-қимыл деңгейін жоғары бағалай отырып, мемлекетаралық қарым-қатынастың барлық саласы бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыта түсуді ұсынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны