15.02.2007, 18:23 2733

ҚР СІМ мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы орталығының басшысы республиканың ұйымға төрағалық жасау жөніндегі өтінішін ілгерілету жайын талқылады

АСТАНА. 15-ақпан. Kazakhstan Today. ҚР СІМ Марат Тәжин мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының Алматыдағы орталығының басшысы Ивар Викки республиканың ұйымға төрағалық жасау жөніндегі өтінішін ілгерілету жайын талқылады, деп хабарлайды СІМ-нің баспасөз қызметі.

Екі елші бүгін Астанада кездесті. "Тараптар Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына төрағалық жасау жөніндегі өтінішін ілгерілету жайын, өзара ынтымақтастықтың сан қырларын, ұйымның Алматыдағы орталығы мен мемлекеттік мекемелердің ықпалдастығы, Орталықты Астанаға көшіру мәселелерін талқылады", деп хабарлайды мекеме.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны