05.09.2006, 18:01 3106

ҚР СІМ мен Ұлыбритания СІМ-нің орынбасары сауда-экономикалық өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады

АСТАНА. 5-қыркүйек. Kazakhstan Today. Бүгін Алматыда ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі СІМ-нің орынбасары - Еуропа істері жөніндегі мемлекеттік министрі Джефф Хунды қабылдады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесу барысында дипломаттар өзара сауда-экономикалық ынтымақтастыққа, Орталық Азиядағы ахуалға, аймақтық және ғаламдық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның ролі туралы талқылады.

Сапар аясында Дж.Хун еліміздің министрліктері мен мекемелерінде кездесулер өткізіп, ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі, Ұлыбритания елшілігі мен БҰҰ Даму бағдарламасы бірлесе ұйымдастырған "Қазақстанда жаңа энергия көздерін дамыту келешегі" атты семинарға қатысты.

Бұрынғы қорғаныс министрі әрі Ұлыбритания парламенті қауымдар палатасының жетекшісі Дж.Хун ықпалды саясаткер болып табылады және ол Еуропа істері жөніндегі мемлекеттік министрі деген дәреже иесі, дейді баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны