28.07.2008, 17:37 2926

ҚР СІМ-нің төтенше тапсырмалар жөніндегі елшісі БҰҰ комитетінің сайлауына қатысады

ҚР СІМ-нің төтенше тапсырмалар жөніндегі елшісі БҰҰ комитетінің сайлауына қатысады

Астана. 28 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ҚР СІМ-нің төтенше тапсырмалар жөніндегі елшісі Мәдина Жарбосынова БҰҰ-ның әйелдерге қатысты алалаушылықты жою жөніндегі комитетінің 2009-2011 жылдарға арналған сайлауына қатысады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

"30 шілдеде Нью-Йоркте БҰҰ-ның әйелдерге қатысты алалаушылықты жою жөніндегі комитетінің 2009-2011 жылдарға арналған сайлауы өтеді. Еліміздің атынан ҚР СІМ-нің төтенше тапсырмалар жөніндегі елшісі Мәдина Жарбосынованың кандидатурасы ұсынылған. Ол Нью-Йоркте СИДО Конвенциясына қатысушы елдердің дипломатиялық миссияларының өкілдерімен кездеседі", - деді І. Омаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны