12.06.2007, 16:44 2816

ҚР сыртқы істер министрі Ресей сыртқы істер министрінің орынбасарын қабылдады

АСТАНА. 12-маусым. Kazakhstan Today. ҚР сыртқы істер министрі Марат Тәжин бүгін Астанада Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Кислякты қабылдады. Сергей Кисляк елордамызға ядролық лаңкестік актілеріне қарсы күрес жөніндегі Жаһандық бастамаға қатысушылардың үшінші кездесуіне қатысу үшін келген болатын, деп хабарлайды ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі.

Жаһандық бастаманың тең төрағасы ретінде ол Қазақстанның осы шараны жүзеге асыру ісіне ат салысуын жоғары бағалап, бастамаға қатысушылардың жалпы жұмыс жоспарына қосу үшін қазақстандық тарап ұсынған нақты ұсыныстардың маңыздылығын атап өтті.

Мұның сыртында дипломаттар халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін, соның ішінде Иранның ядролық бағдарламасына қатысты жайттарды да сөз етті. Министр М. Тәжин Ресей делегациясын ұлттық мерекелері -Ресей күнімен құттықтады.

Маусымның 11-12 күндері Астанада ядролық лаңкестік актілеріне қарсы күрес жөніндегі Жаһандық бастамаға қатысушылардың үшінші кездесуі өтуде. Бұл бастама Ресей және АҚШ президенттері тарапынан 2006 жылдың шілде айында "Үлкен сегіздік" саммитінің қарсаңында Санкт-Петербургте ұсынылған болатын. Қазақстан Республикасы ядролық лаңкестік пен күрес жөніндегі бастаманы алғашқылардың бірі болып қолдады. Ол 2006 жылы шілденің 15-індегі Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде көрініс тапты. Бастаманы жүзеге асыру (жаппай қырып жою қаруын) таратпаудың қазіргі режимін нығайтудың маңызды тетігі саналады және ядролық қару құрамдауыштарының лаңкестер қолына түспеуін қадағалаудағы әлемдік қоғамдастықтың өзара әрекетестігін күшейтуді көздейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны