20.09.2012, 19:01 3202

ҚР сыртқы істер министрі Түркия мен Словакияның елшілерімен кездесті - баспасөз баяны

Министр сонымен қатар, келесі жыл екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 20 жыл толуымен атап өтілетінін айтып, соған орай қазақстандық ресми делегацияның Словакия еліне сапары болатындығын хабарлады.

19-қыркүйек күні Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов биыл өкілеттігі аяқталған Қазақстандағы Словакия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Любомир Регакты қабылдап, словак дипломатына еліміздегі жемісті әріптестігі үшін алғысхат тапсырды.

Министр сонымен қатар, келесі жыл екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 20 жыл толуымен атап өтілетінін айтып, соған орай қазақстандық ресми делегацияның Словакия еліне сапары болатындығын хабарлады.

Айта кетейік, Л. Регак Қазақстанға Словакия Елшісі ретінде 2011 жылы маусым айында келген болатын.

Сонымен қатар, ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Қазақстандағы Түркия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Өмер Бурхан Түзелді қабылдады.

Кездесу барысында тараптар елдер арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың жағымды серпінін атап өтті және Қазақстан мен Түркияның сан-салалы әріптестігін дамытуға даярлықтарын білдірді.

Өмер Бурхан Түзел Қазақстандағы өзінің өкілеттігіне 2012 жылдың 16 тамызында кіріскен болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны