19.05.2008, 18:30 2746

ҚР Жоғарғы сотының судьясы ШЫҰ-ына мүше елдерде экологиялық шығындарды айқындаудың біртұтас көзқарасын дәйектеуді ұсынады

ҚР Жоғарғы сотының судьясы ШЫҰ-ына мүше елдерде экологиялық шығындарды айқындаудың біртұтас көзқарасын дәйектеуді ұсынады

Астана. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Жоғарғы сотының судьясы Владимир Борисов ШЫҰ-ына мүше елдердің аясында табиғатты пайдаланушылардың қоршаған ортаға келтірген шығындарын айқындаудың біртұтас көзқарасын дәйектеуді ұсынады. Бұл туралы ол бүгін Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Жоғарғы сот төрағаларының ІІІ кеңесі барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Табиғатты пайдаланушылардың өндірістік және өзге де іс-қызметі барысында қоршаған ортаға келтірген шығындарын айқындау әдістемелері бойынша біртұтас көзқарасты дәйектеуде Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдары мен Жоғарғы соттарының күшін біріктіру қажет", деді В. Борисов.

"Экологиялық заңды бұзушылардың материалдық шығынын айқындаудың осындай әдістемелеріне қатысты біртұтас көзқарастарды келіспейінше, ШЫҰ-ына мүше елдердің экологиялық мүдделерін толық қамтамасыз ету мүмкін емес", -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны