30.06.2008, 10:13 3148

ҚР-ның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі Еуропа мен Орталық Азия арасындағы байланыстарды арттыруға мүмкіндік береді - ЕҚЫҰ ПА басшысы

ҚР-ның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі Еуропа мен Орталық Азия арасындағы байланыстарды арттыруға мүмкіндік береді - ЕҚЫҰ ПА басшысы

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының 2010 жылы Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі Еуропа мен Орталық Азия арасындағы байланыстарды арттыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының 17-сессиясының пленарлық отырысы барысында оның төрағасы Йоран Леннмаркер мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Мен Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-ның төрағасы қызметіне кірісер сәтті асыға күтудемін. Өйткені, ол Еуропа мен Орталық Азия арасындағы байланыстарды арттыруға, сондай-ақ, осы үлкен және ықпалды мемлекетте демократия мен ашықтықты нығайтуға мүмкіндік береді", - деді Й. Леннмаркер.

"Мен және осы ассамблея Қазақстанның ЕҚЫҰ басқару бойынша күш-жігеріне белсенді қолдау көрсеттік", - деп атап өтті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны