18.05.2010, 15:08 4015

Мальтада Қазақстанның Құрметті консулы тағайындалады

Мальтада Қазақстанның Құрметті консулы тағайындалады

Астана. 18 мамыр. Kazakhstan Today - Мальтада Қазақстанның Құрметті консулы тағайындалады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР СІМ хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 14-17 мамыр аралығында ҚР СІМ жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаев Португалия мен Мальтаға сапармен барып қайтты.

Лиссабонға сапар мақсаты - дипломатиялық паспорт иелеріне визалық талаптарды жою жөніндегі қазақстандық-португалиялық келісімнің келіссөздер процесін аяқтау, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалары бойынша екіжақты қатынастарды нығайту мәселелерін, сонымен қатар халықаралық ұйымдар форматындағы, ЕҚЫҰ-ны қоса, мәселелерді талқылау.

Сонымен қоса, Португалия Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысымен келіссөздер барысында ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуіне дайындық, Португалия сыртқы істер министрі Луиша Амадудың Қазақстанға сапары жөніндегі мәселелері қозғалды. Екіжақты салықтан арылу және халықаралық автокөлік байланысы жөніндегі, сондай-ақ, білім, ғылыми зерттеулер және технологиялар трансферті салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге қол жеткізілді.

Португалия сыртқы саяси ведомствосының басшылығы біздің еліміздің сыртқысаяси және экономикалық жетістіктерімізге жоғары баға берді, Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға қызығушылықтарын білдіріп, алдағы уақытта да қазақстандық бастамаларға қолдау көрсете беретіндіктерін жеткізді.

ҚР СІМ делегациясының Оңтүстік Еуропа елдеріне жасаған сапары 17 мамыр күні Мальта астанасы - Валлеттеде жалғасын тапты. Онда ҚР СІМ жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаев Мальта СІМ Протокол және консулдық қызмет департаментінің бас директоры Джоанна Пизани ханыммен келіссөздер жүргізді. Тараптар түрлі салалардағы екіжақты мәселелерді талқылады, соның ішінде консулдық өзара ықпалдастық саласыда назардан тыс қалмады.

Мальта тарапы, екіжақты байланыстардың дамып келе жатқанын ескере отырып, қазақстандық дипломатиялық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату жөнінде Мальта үкіметі тиісті шешім қабылдағаны туралы хабардар етті. Өз кезегінде Р. Жошыбаев әріптесіне достық қадамы үшін алғысын білдіріп, Қазақстан да мемлекеттік ішкі процедураларды аяқтаған соң мальталық дипломатиялық паспорттардың иелеріне тиісті тәртіп орнататындығын атап өтті.

Қорытындылай келе, қазақстандық дипломат Мальтада ҚР Құрметті консулын тағайындау ниеті бар екендігін хабарлады. Аталған шара Қазақстан - Мальта қарым-қатынасының барлық бағытын, әсіресе сауда-экономикалық саласын едәуір пәрмендендіретініне күмән тудырмайды. Дж. Пизани аталмыш жоспарларды толығымен қолдады және Құрметті консулдың миссиясын атқаруына барынша қолайлы жағдай туғызатынын айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны