24.09.2009, 16:34 2938

Мансұров ЕурАзЭҚ-тың дағдарысқа қарсы қоры 2009 жылдың қазан айында жұмысын бастайды деген ақпаратты растады

Мансұров ЕурАзЭҚ-тың дағдарысқа қарсы қоры 2009 жылдың қазан айында жұмысын бастайды деген ақпаратты растады

Алматы. 24 қыркүйек. Kazakhstan Today - ЕурАзЭҚ бас хатшысы Тайыр Мансұров ЕурАзЭҚ-тың дағдарысқа қарсы қоры 2009 жылдың қазан айында жұмысын бастайды деген ақпаратты растады. Бұл туралы ол бүгін "Кедендік одақ - ЕурАзЭҚ-тың интеграциялық серпілісі" атты инвестициялық форум барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Өңірлік тетікті жүзеге асырудың бір мысалы ретінде ЕурАзЭҚ-тың дағдарысқа қарсы қорын $10 млрд көлеміндегі қаржымен құру туралы шешімді атауға болады. Үкімет басшылары маусымда дағдарысқа қарсы қор құру туралы шарт пен оның ережелерін қабылдады. Сонымен біруақытта қаржы министрлері Еуразиялық Даму банкімен арадағы қор қаржысын басқару жөніндегі келісімге қол қойды", - деді Т. Мансұров.

"Бұл құжатты ратификациялау шаралары қазанда аяқталады, қор сосын іске кіріседі", - деді бас хатшы.

Оның айтуынша, "бұл қордың қаражаты ақылылық, шұғылдық және қайтарымдылық шартымен қатысушы мемлекеттерге әлемдік қаржы дағдарысының кері әсерлерін еңсеруге арнаалған дербес несиелер, тұрақтандыру несиелері түрінде, сондай-ақ, мемлекетаралық инвестициялық жобаларды қаржыландыруға беріледі".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны