04.06.2007, 16:55 3103

Марокко энергетика министрі Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді

АСТАНА. 4-маусым. Kazakhstan Today. Марокконың энергетика және тау-кен өнеркәсібі министрі Мухаммед Буталеба маусымның 7 мен 10 аралығында Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Сапар мақсаты - Марокко королі Мухаммед ҮІ-ның Қазақстанға биыл жасайтын сапарының дайындығына қатысты мәселелерді талқылау",- деді Е.Ашықбаев.

Сапар барысында министр ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов, ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов, ҚР индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақовпен кездеседі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны