22.02.2010, 17:41 3014

Мәскеуде ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің 48-ші және Кедендік одақ комиссиясының 14-ші отырысы өтеді

Мәскеуде ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің 48-ші және Кедендік одақ комиссиясының 14-ші отырысы өтеді

Астана. 22 ақпан. Kazakhstan Today - 26 ақпанда Мәскеу қаласында Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің 48-ші және Кедендік одақ комиссиясының 14-ші бас қосулары өтеді деп жоспарланған. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Аталған шараларға қатысатын қазақстандық делегацияны премьер-министрдің орынбасары, ЕурАзЭҚ-тың Интеграциялық комитеті мен Кедендік одақ комиссиясының мүшесі Өмірзақ Шүкеев бастап барады.

Екі жиналыстың алғашқысында ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер арасындағы 2011 жылы көші-қон және бюджеттік саладағы ықпалдастық және ауыл шаруашылығы техникасы мен көлікті халықаралық лизингке беру мәселелері талқыланбақ. Екіншісінде Кедендік одақтың мемлекеттік бақылауын жаңа қауымдастықтың сыртқы шекарасына шығару, Тауарларды экспорттау-импорттауға жанама салықтарды жинау қағидалары жайындағы келісімді іске асыру, Одақ шеңберінде интеллектуалдық мүлікті қорғау бағытындағы бірлескен іс-қимыл мәселелері қозғалады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны