25.01.2010, 17:11 2933

Мәскеуде Кедендік Одақ комиссиясы тарифтік емес реттеудің ортақ жүйесін ұйымдастыру мәселесін талқылайды

Мәскеуде Кедендік Одақ комиссиясы тарифтік емес реттеудің ортақ жүйесін ұйымдастыру мәселесін талқылайды

Астана. 25 қаңтар. Kazakhstan Today - Мәскеуде 27 қаңтарда Кедендік Одақ комиссиясының 13-ші бас қосуы өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бас қосуға қатысатын қазақстандық делегацияны премьер-министрдің бірінші орынбасары әрі Кедендік одақ комиссиясының мүшесі Өмірзақ Шүкеев басқарады.

Бас қосу барысында делегациялар шеттен әкелінетін тауарларға кедендік баж салығын, тепе-тең маңызға ие басқа да салықтар мен алымдарды есептеу және бөлу тәртібі, Одаққа мүше елдердің салықтық өкілдер тобын құру жөніндегі жобаларды қарастырмақ.

Сонымен қатар, Кедендік одақта тарифтік емес реттеудің ортақ жүйесін ұйымдастыру, Сыртқы сауданы реттеу жөніндегі комитет құру және үш елдің бірыңғай экономикалық кеңістігін құруға бағытталған күнтізбелік жоспарды бекіту мәселелері талқыланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны