17.07.2008, 17:10 1323

Мәскеуде Құрманбек Бакиев пен Дмитрий Медведевтің келіссөздері өтті

Мәскеуде Құрманбек Бакиев пен Дмитрий Медведевтің келіссөздері өтті

Бішкек. 17 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Мәскеуде кеше Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев пен РФ мемлекет басшысы Дмитрий Медведевтің келіссөздері өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл кездесу Қырғызстан президенті Ресейге жасаған қысқа мерзімді жұмыс сапарының аясында өтті. Екі мемлекет басшысы кездесу кезінде Қырғызстан мен Ресей арасындағы дәстүрлі және өзара тиімді қарым-қатынастың оң қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті. Олар сондай-ақ, екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету перспективаларын талқылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны