01.03.2010, 18:06 2970

Мәскеуде ТМД Экономикалық кеңесінің 45-ші отырысы мен ТМД елдерінің Халықаралық экономикалық форумы өтеді

Мәскеуде ТМД Экономикалық кеңесінің 45-ші отырысы мен ТМД елдерінің Халықаралық экономикалық форумы өтеді

Астана. 1 наурыз. Kazakhstan Today - Мәскеуде 5 наурызда Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Экономикалық кеңесінің 45-ші отырысы және "ТМД-да Ресейдің төрағалығы жылындағы жаңа бастамалар" атты Достастыққа мүше мемлекеттердің Халықаралық экономикалық форумы өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Аталмыш шараға қатысатын қазақтандық делегацияның құрамында Ауыл шаруышылығы министрлігі, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі және басқа да мемлекеттік ведомстволардың басшылығы бар.

ТМД Экономикалық кеңесі 45-ші отырысының күн тәртібінде 16 сұрақ қаралады, солардың ішінде Достастыққа мүше мемлекеттердің энергетика саласында ынтымақтастық тұжырымдамасын жүзеге асыру барысы, ортақ электроэнергетикалық нарықты қалыптастыру, Агроөнеркәсіп кешені мәселелері бойынша үкіметаралық кеңестің қызметі және тағы басқалары.

Халықаралық экономикалық форумның негізгі мақсаты - ТМД-ның 2020 жылға дейінгі экономикалық даму стратегиясын жүзеге асыру келешегін және Достастық мемлекеттерінің экономикалық интеграциясын нығайту жолдарын талқылау.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны