08.06.2009, 15:44 1251

Мәскеуде ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясында терроризм, төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету бойынша бірқатар маңызды шещімдер қабылданбақ

Мәскеуде ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясында терроризм, төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету бойынша бірқатар маңызды шещімдер қабылданбақ

Астана. 8 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мәскеуде ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясында терроризм, төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету бойынша бірқатар маңызды шещімдер қабылданбақ.

Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Мәскеуде 14 маусымда ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясында ҰҚШҰ-ның жауапты аймағындағы жағдайдың барысына және атқарылар жұмыстар оның ішінде ең алдымен жаңа қауіп-қатермен күрес саласындағы мәселелерді есепке ала отырып, ұйымның нормативтік - құқықтық негізін жетілдіру мәселелері талқыланбақ",- деді ресми өкіл.

"Сессия барысында ұйымға мүше елдер жетекшілері халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмаса отырып, терроризм, төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету және сыртқы саяси қатынастарды үйлестіру мәселелері бойынша бірқатар маңызды шещімдер қабылдау мүмкіндігін қарастырмақ. Сессия соңында құжаттарға қол қою жоспарлануда",- деді Е.Ашықбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны