25.06.2007, 18:09 2871

Маусымның аяғында Бішкекте ШЫҰ қорғаныс министрлерінің кеңесі өтеді

АСТАНА. 25-маусым. Kazakhstan Today. Бішкекте 27-маусымда ШЫҰ-ына мүше елдердің қорғаныс министрлерінің кезекті кеңесі өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бұл шараның барысында ағымдағы жылдың тамыз айында Ресей Федерациясында Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің "Бейбіт миссия-2007" атты антитеррорлық әскери оқу-жаттығуларын өткізу мен қорғаныс саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау көзделген",- деді ол.

Кеңес қорытындысы бойынша Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің бірлескен коммнюникесі мен бірлескен әскери оқу-жаттығуларды өткізіп тұру туралы келісімге қол қою межеленген.

Ал 29-маусымда Мәскеуде Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің отын-энергетикалық кешені үшін жауап беретін министрліктер мен мекемелердің жетекшілерінің бірінші кездесуі өтеді. Кездесу барысында энергетика саласындағы ынтымақтастық, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының шеңберінде энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының энергетикалық клубын құру, сондай-ақ, Азияның энергетикалық стратегиясын жасау жайы сараланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны