17.01.2012, 16:48 4049

Мәжіліске "Нұр Отан" ХДП 83, "Ақ жол" ҚДП 8 және "ҚКХП" 7 адам кіретін болды

"Сайлауда "Нұр Отан" халықтық демократиялық партиясы сайлаушылар даусының 80,99 пайызын, Қазақстаннның "Ақ жол" демократиялық партиясы 7,447 пайызын және Қазақстанның Коммунистік халық партиясы 7,19 пайызын жинап, өз партияларының мүшелерін Парламент Мәжілісінде өкілдік етуге мүмкіндік алды.

Астана. 17-қаңтар. Kazakhstan Today - Бүгін Орталық сайлау комиссиясының өкілдері Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының қорытындыларын жария етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, ел Парламенті сайлаушылардың басым дауысын жинаған 3 партиядан жасақталатын болды.

ОСК-ның хатшысы Бақыт Мелдешовтың мәліметтеріне қарағанда, сайлауда "Нұр Отан" халықтық демократиялық партиясы сайлаушылар даусының 80,99 пайызын, Қазақстаннның "Ақ жол" демократиялық партиясы 7,447 пайызын және Қазақстанның Коммунистік халық партиясы 7,19 пайызын жинап, өз партияларының мүшелерін Парламент Мәжілісінде өкілдік етуге мүмкіндік алды.

Өкінішке қарай, Мәжіліс сайлауына қатысқан өзге 4 партия 7 пайыздық межені бағындыра алмады. Атап айтқанда кезектен тыс сайлауда Қазақстанның Патриоттар партиясы сайлаушылар даусының 0,83 пайызын, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 1,68 пайызын, Қазақстанның "Ауыл" социал-демократиялық партиясы 1,19 пайызын, "Иділет" демократиялық партиясы 0,66 пайызын жинады.

Берілген дауыстардың нәтижелерін қорытындылай келгенде, "Нұр Отан" халықтық демократиялық партиясына Парламент Мәжілісінен 83 мандат, Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясына 8 мандат Қазақстанның Коммунистік партиясына 7 мандат берілетін болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны