12.05.2010, 17:59 3129

Мемлекет басшысы мен Үндістанның Сыртқы істер министрі екі елдің арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселесін талқылады

Мемлекет басшысы мен Үндістанның Сыртқы істер министрі екі елдің арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселесін талқылады

Астана. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үндістанның Сыртқы істер министрі Соманахалли Маллайах Кришнаны қабылдады.

Кездесу барысында екі елдің арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселесі талқыланды.

Министр Қазақстан президенті жүргізіп отырған саясатқа жоғары баға берді, соның нәтижесінде ел экономикасы өте қарқынды дамуда.

Ол сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың қолға алуымен Қазақстанның елордасы - Астанада құрылыстың қарқынды жүргізілуіне өз таңданысын білдірді.

Соманахалли Маллайах Кришна Үндістан мен Қазақстан арасында өте тығыз достық байланыстар қалыптасқанын атап өтті. Бұған өткен жылғы қаңтардағы Қазақстан президентінің Үндістанға мемлекеттік сапары барысында ұлттық мереке - Республика күніне құрметті қонақ ретінде қатысуы нақты дәлел бола алады.

"Қазақстан президентінің сапары екі ел арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға айтарлықтай серпін берді. Біздің елдеріміз арасындағы саяси және экономикалық байланыстар белсенді дамуда. Қазақстан біздің жақын көршіміз болып табылады. Біз екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ерекше мән береміз. Біз экономика мен әлеуметтік саланы қосқанда, барлық саладағы біздің ынтымақтастығымыздың келешекте үдетуде "жол картасын" әзірлеу ниетіндеміз. Біз бірлесе отырып осы өңірдегі тұрақтылықты нығайтуға көмектесе аламыз", - деді Үндістанның Сыртқы істер министрі журналистерге арналған брифингте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны