24.06.2009, 18:27 2830

Мемлекет басшысы Солтүстік Атлантикалық Альянстың бас хатшысымен кездесті

Мемлекет басшысы Солтүстік Атлантикалық Альянстың бас хатшысымен кездесті

Астана. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақордада Солтүстік Атлантикалық Альянстың бас хатшысы Яап де Хооп Схеффермен кездесті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Солтүстік Атлантикалық Альянс бас хатшысы брифингте атап өткендей, мемлекет басшысымен кездесу барысында Қазақстан мен Солтүстік Атлантикалық Альянстың қарым-қатынасына қатысты мәселелер толық талқыланды.

"Біз Қазақстан мен Солтүстік Атлантикалық Альянс арасындағы қарым-қатынасқа қатысты, әсіресе Ауғанстанға қатысты мәселелерді талқыладық", - деді Я. Схеффер.

Сонымен бірге, Солтүстік Атлантикалық Альянс бас хатшысының айтуынша, Қазақстан президентімен кездесу кезінде "халықты жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау және қаржылық-экономикалық дағдарыс мәселелері де талқыланды".

"Біз бұған дейін де талай мәрте кездескенбіз, әрине, президент Назарбаев - өңірдегі беделді адам, әсіресе Қазақстан мен одан тысқары жерлерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша беделі үлкен", - деді Я. Схеффер.

Сондай-ақ, Солтүстік Атлантикалық Альянс бас хатшысының айтуынша, ол Қазақстан мемлекет басшысын 2010 жылы республиканың ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасайтындығына байланысты құттықтауын жеткізді.

Солтүстік Атлантикалық Альянс бас хатшысы Яап де Хооп Схеффер Қазақстанға Еуроатлантикалық серіктестік кеңесінің үшінші қауіпсіздік форумына қатысу үшін келді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны