04.04.2007, 17:37 3155

Мемлекеттік хатшы Жаңа Зеландия мен Шри-Ланка елшілерінің сенім грамоталарын қабылдады

АСТАНА. 4-сәуір. Kazakhstan Today. Мемлекеттік хатшы Оралбай Ибдікәрімов Жаңа Зеландияның және Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының елшілері Кристофер Джон Эдлер мен Удаянг Виратунгтен сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесулер барысында екіжақты ынтымақтастықты дамытудың келешегі талқыланды.

"Елдеріміз арасы шалғай жатқанымен біз өзара мүдделеріміз арқылы жақынбыз. Біз қазірдің өзінде БҰҰ және АСЕАН сияқты халықаралық ұйымдар шеңберінде ынтымақтасудамыз және тығыз екіжақты қарым-қатынасты барынша жандандыруға ниеттіміз. Біз елдеріміз арасында білім, мемлекеттік қызмет және ауыл шаруашылығы тәрізді салалардағы ынтымақтастықтықтың келешегі зор деп санаймыз. Бүгінде біз аталған бағыттар бойынша байланыстар орнаттық және былтырғы жылы Қазақстаннан үш ресми делегация Жаңа Зеландияда болып қайтты", - деді Жаңа Зеландияның елшісі журналистерге арналған брифингте.

Шри-Ланка елшісі сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту қажеттігін атап өтті және Қазақстан инвесторларын өз елінің экономикалық дамуына қатысуға шақырды.

"Мен Астанаға тұңғыш келгеніме және осындай қысқа мерзімде бой көтерген керемет қаланы көргеніме қуаныштымын. Қазақстан мен Шри-Ланка арасында экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтудің мүмкіндіктері мол. Қазақстандық компаниялар біздің еркін экономикалық аймақтарымызды дамытуға қатыса алады", - деді У.Виратунг кездесуден кейін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны