02.07.2007, 16:22 2738

Минск қаласында шілденің басында ТМД аясындағы жұмыс бабындағы кездесулер өтеді

АСТАНА. 2-шілде. Kazakhstan Today. Минскіде 5-6 шілде аралығында ТМД-ны одан әрі дамыту тұжырымдамасын іске асыру бойынша Негізгі іс-шаралар жоспарының жобасын дайындау жөніндегі Мемлекетаралық жұмыс тобының мәжілісі өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Осы күндері Минскіде сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Көші-қон процестері жөніндегі тобының бірінші отырысы да өтеді. Отырыс барысында Достастыққа қатысушы мемлекеттердің келісілген көші-қон саясаты жөніндегі ұсыныстарды талқылау жоспарлануда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны